Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тесіктер жерде қалмайды": Нұрлан Еспанов өмірде шалыс басқандарды сынамауға шақырды

Нұрлан Еспанов күйіп қалатын өнер иелері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Тесіктер жерде қалмайды

Белгілі композитор "Тесік моншақ" ұғымын әркім әрқалай түсінетінін айтты. Нұрлан Еспанов бұл сөз өнерде ысылып, оның ыстығы мен суығын қатар көрген жандарға арналады деп ашығын айтты. Яғни мықты өнер адамы тесік моншақ секілді жерде жатса да, оны іліп кететін жіп болады деп жақсы жағынан түсіндірді. 

"Көбісі тесік моншақ жерде қалмас деп айтады. Ол қандай тесік моншақ деп ойландым мен. Ысылып, өнерде бір жетістікке жетіп, шаршағаннан кейін тесілген моншақ та ол. Бір жіп оны бір күні іліп кетеді. Өйткені ілетін жері бар. Қазір өнерге аяғын сүртпей кіре беретін болды. Не кілт, не құлып жоқ", - дейді Нұрлан Еспанов. 

Сонымен қатар, өнер иесі бұл ұғымның теріс жағына да тоқталған. Өмірде күйіп қалған аруларға аяушылық танытатын Нұрлан Еспанов олардың да жаңа өмір бастап, бір тоқтамға келетін уақыттары болады, тағдырына жазылғаны сол шығар дейді.

"Ол да біреудің отбасынан шыққан адам, тұлға. Олардың ортасына байланысты. Моншақтың тесіліп, жерге түсуіне біз себепші емесіз. Күйіп қалатындар көп қой. Ауызы күйген үрлеп ішеді дейді. Мүмкін ол сынақ шығар. Сол бір жерге жетіп, жаңа өмір бастайын деп отырған моншақ шығар деп ойламын", - дейді Нұрлан Еспанов. 

Талқылау