"Теріс қылық көрсеткені үшін": Петропавлда анасы мен өгей әкесі жеті жасар қызды соққыға жыққан
Петропавлда жеті жасар қызды анасы мен өгей әкесі теріс қылығы үшін ұрып-соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полицияның мәліметінше, 23 қарашада Петропавлдағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері екінші сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы хабарлаған.
"Петропавл қалалық ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қыз бала облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың денесіне 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі зақым келтіргенін анықтады. Олар өз кінәсін мойындап, бұл әрекеттерін "баланың теріс қылығы" үшін деп түсіндірді.
Істің мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”