"Тергеушілер лауазымды тұлғаларды ұстап бер деді": Пара алды деп айыпталған Ислам Әбішевтің соты өтті
Пара алды деген айыппен ұсталған су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішевке қатысты сот процесі басталды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Судьяның екі беттік шешімінде 70-тен аса қате бар деген сотталушы тарап басқа судья қарауын талап етті. Түскен кейін сотқа қайта келген экс-шенеунік жаңа талап қойды.
"Сот шешімі әлі шыққан жоқ. Менің кінә әлі дәлелденіп, қылмыскер болып үкім шықпай тұрып қолыма кісен салды. Террористермен тең көріп отыр. Ертең осылай кісен салатын болса, келесі сот отырысына келмеймін", - деді Ислам Әбішев.
Баспасөз мәслихатында бұл істің соңында кімдер тұрғанын, тергеушілердің қай лауазымды тұлғаны ұстап беруін талап еткенін Ислам Әбішевтің өзі айтады делінген.
Әбішевтің өзі мұны соттың барысына қарай уақыты келгенде айтам деп жауап қатты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр