Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тергеу қорытындысынан соң блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалады – Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігі тергеу қорытындысынан кейін қазақстандық блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Блогерлерге қатысты қылмыстық іс тергеу жүргізіліп, қорытындысы берілгеннен кейін ғана қозғалуы мүмкін. Одан кейін салықты төлемегеннен мемлекетке келтірілген шығын мөлшері анықталады. Мұны қаржы мониторингі агенттігінің төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.  



"Егер нақты блогерге қатысты мемлекетке келтірілген зиянның мөлшері Қылмыстық заңда көзделген нормалардан асып кетсе, қылмыстық іс қозғалады. Егер бұл межеден асып кетпесе, оларды мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік жауапкершілікке тартады", – деді ҚМА басшысының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс алаңында.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев салық комитетінің инфлюенсерлерге жіберген хабарламасына наразылығын білдірген еді. Айтуынша, мұнда көрсетілген қаражат дұрыс есептелмеген және тіпті бұрыннан салық төлейтін адамдарға да келген. 

Талқылау