Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде теңгелік депозиттерге 10% өтемақы алу үшін өтініш қабылдау басталды

Қазақстандық банктер теңгелік депозитке 10 пайыздық өтемақыны алу бойынша өтініштерді қабылдауды бастады. Төлем шотқа 2023 жылдың наурызында түседі. Жеке тұлғалар банкке бармай-ақ өтінішті онлайн бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

теңге
Мәселен, Halyk Bank салымшылары теңге депозиттеріне қосылатын 10 пайыздық өтемақыны алу үшін  2023 жылдың 1 қаңтарына дейін Halyk Homebank қосымшасы арқылы өз өтінішін беріп үлгеруі тиіс. Қаражат банк  келісімшартында бекітілген картаға түседі.

Ал Kaspi BanК салымшылары 10 пайыздық сыйақыны алу үшін Kaspi.kz қосымшасына кіруі керек. Әзірге бұл жүйе қосылмаған. Мамандар өтініштерді қабылдау бөлімі дайын бола сала хабарлайтындарын мәлімдеді.

Ал "Отбасы банк" салымшылары 10 пайыздық өтемақыны алу үшін алдын ала өтініш хат жазады. "Баспана маркет" порталында жеке кабинетке кіріп, 2022 жылдың 1 қазаны мен 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін арнайы банк әзірлеген  сұрақтарға жауап береді. Кейін онлайн түрде  өтініш қалдырады.

Jusan Bank мен Eurasian Bank өтініштерді 12 қыркүйектен бастап қабылдайды.  

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк Қазақстанда теңге депозиттеріне 10 пайыз көлемінде өтемақы қосылатынын мәлімдеген еді

Талқылау