Теңге доллар мен рубльге қашан тәуелді болмайды - Министр жауабы
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге доллар мен рубльге тәуелді болуын қашан тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері министрден "Теңгенің доллар мен рубльге тәуелді болмайтын күні туа ма?" деп сұрады.
"Иә, – деді Жамаубаев. – Бұл төлем балансы тұрақталып, экспорттық операция мен ағымдағы шот импорттық операцияны жапқан кезде, яғни валюталық түсімдер, өндірістік сектор мен экспорттан түсетін пайда әжептәуір көбейген кезде болады".
Министр үкімет импортты алмастыру бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
"Біз импортты азайтып, ел ішінде көбірек өндірсек, өндірілген өнім есебінен экспорттық пайда табамыз. Сол кезде валюта ағыны елге келеді", – деп түсіндірді Жамаубаев.
Алайда министр қазір бұл процесс қанша пайызға орындалып жатқанын нақтыламады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”