Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Теміржол салынады": Қазақстан мен Қытай бес құжатқа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытайда кездесіп,  келіссөз нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері бірнеше құжаттарға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан мен Қытай арасында бес басты құжатқа қол қойылды.

1. Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;

3. Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы "Тачэн-Аягөз" теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;

5. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.

Талқылау