Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміржол бекеттеріне билеті бар жолаушылар кіргізіледі: Вокзалдардағы жаңа ережелер қандай?

Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Садуақас Байғабұлов жолаушылар пойыздарындағы санитарлық-карантин шараларын ұйымдастыруға байланысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вокзал

Аталмыш қаулы тек жолаушыларды тасымалдаушыларға ғана емес, сондай-ақ вокзал басшылығы, транпорт ісінің қызметіне жауапты ұйымдарға қатысты болмақ. 

Енді теміржол бекеттерінің ғимараттарына билеттері бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Бұған қоса олар міндетті түрде маска және қолғаппен жүруі тиіс.

Шығарып салушылар вокзалдарға кіргізілмейді, олар енді жақындарымен ғимараттың кірберісінде қоштасады. Теміржол бекеттерінің күзет қызметкерлері жолаушылардың дене қызуын тексереді. 

"Отырғызу және түсіру кезінде қашықтық міндетті түрде сақталып, жүру жолында вагондардың ішінде ылғалды тазалау жүргізу мерзімділігін арттыру және қалыптастыру пункттерінде дезинфекциялау жұмыстары үнемі жүргізіліп тұруы шарт", - деді Садуақас Байғабұлов. 

Сонымен қатар жолсеріктер жолаушыларды сауалнамалан өткізеді. Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әрбір ауысымы сайын медициналық тексеруден өтіп отырады. 

Егер жағдай тұрақтанатын болса, бұл шаралар бірте-бірте жеңілдейді екен. 

 

Талқылау