Теміртауда жеке үйлердің бірі өртеніп, ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Өткен демалыс күндері Теміртау қаласындағы жеке үйлердің бірінде өрт болды. Оқиға орнынан құқарушылар үй иесі мен оның әйелінің денесін тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
"Теміртау қаласында отқа абайсыз қарау салдарынан тұрғын үйдің ағаш едені, сонымен қатар үй заттары мен жиһаздарын қосқанда жалпы алаңы 15 шаршы метр жер жанып кеткен. Өрт болған жерден денелері қатты күйіп қалған үй иесі мен оның әйелінің денелері табылды. Қайтыс болғандар 1952 және 1956 жылы туған азаматтар екені анықталды", – деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Приозерск қаласындағы тұрғын үйдегі өрт орнынан тағы бір мәйіт табылған.
- БҚО-да полицей қызметкері мас күйде көлік жүргізіп, жан түршігерлік жол апаты салдарынан алты айлық қыз бір аяғынан айырылды
- Алматы облысында өрт шығып, алты бірдей отбасы далада қалды
"Приозерск қаласындағы Алаш көшесінде жалпы алаңы 15 шаршы метр тұрғын үйдің ағаш қабырғалары мен қоршаулары өртенген. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Өлімнің мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталуда", - деп хабарладыведомство.
Айта кетейік, облыстың төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері демалыс күндері 26 шақыртуларға барған. Оның ішінде өрт шығу аймақтарына – 17 рет және апаттық-құтқару жұмыстарына 7 рет шыққан. Cонымен қатар алты адам құтқарылған, олардың төртеуі бала. Төрт адам қаза тапқан.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
