Теміртауда қарияның үйіне баса көктеп кіріп, соққыға жыққан жасөспірімдердің видеосы тарады
Теміртауда жасөспірімдер қарияны пәтерінде ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Теміртауда түсірілген видеода 16-18 жас шамасындағы жігіттердің төсектен тұра алмай жатқан қарияны ұрып, бетінен теуіп жатқанын көруге болады. Сондай-қ қарияға балағат сөздер айтып, бетіне түкірген. Зейнеткер қорғануға тырысқанымен одан сайын соққы алып жатқаны байқалады.
Жасөспірімдер пәтерге өздерін электрик ретінде таныстырып кірген.
Полиция қарияға зорлық көрсеткендерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмағандардың барлығы анықталып, Теміртау қалалық полиция басқармасының Шығыс бөліміне жеткізілді. Қазір қажет тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. Семейде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, жасөспірімдердің қатарластырын ұрып-соғу оқиғасы қаралды. Отырыс нәтижесі бойынша оқиға қатысушылардың барлығын оқшаулау және психологтармен жұмыс істеу үшін девиантты мінез-құлықтары бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды.