Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда ер адам 16 жастағы қызды қаңырап қалған ғимаратқа апарып зорлап тастаған

Теміртауда бір тәулік ішінде екі қыз зорланған. Олардың бірі жақында ғана 16 жасқа толыпты.

17961095

Сурет: lezgi-yar.ru 

Бұл туралы kriminalka.kz хабарлайды.

2 желтоқсан күні 3 “а” ықшамауданында 38 жастағы еркек сегіз жасар қызды зорламаққа әрекеттенген. Ол бұған дейін де адам өлтіргені үшін сотталған екен. Қылмыскер бірден тұтқынға алынған. Алайда оның тұтқындалуымен қаладағы жағдай тынышталып қалған жоқ. Қалада жасырын әрі ашық қылмыскер, педофилдер көп болып шықты.

Қаланың шет жағында орналасқан қаңырап қалған автотұрақ пен гаражда белгісіз ер адам жас әйелді зорлаған.

Ал сол күні кешке Металлург даңғылында 16 жастағы қыз зорлыққа ұшырайды. Белгісіз ер адам оны басынан бірнеше рет ұрып, қаңырап қалған ғимаратқа алып барып зорлайды. Қыз есін жиған бойда үйіне барып, болған жағдайды ата-анасына баяндайды.

Ал 9 желтоқсан күні таңертең қыз зорланған маңға жақын жерде жас келіншекке жыныстық қысым көрсетіледі. Жалпы Теміртауда әйелдерге көрсетілетін жыныстық зорлық ісі өршіп тұр. 2016 жылдың өткен тоқсанында 18 зорлық, 11 жыныстық мәндегі зорлау әрекеті орын алған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда балаларға көрсетілген жыныстық зорлық бойынша адам шошырлық деректер жарияланды

Атыраудағы компания өз еркімен жұмыстан шыққандарға 20 мың доллар төлейді

Қазақстандықтар жәрдемге мұқтаж жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Шымкентте жеңгетайлар саунаға келетін ер адамдарға жезөкшелерді сатып келген

Талқылау