Төтенше жағдай 24 мамыр күні таңертең Теміртаудағы жетінші шағын ауданында орын алған. Көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрттен бірнеше адам жапа шекті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден бірнеше кіреберістің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Ер адам тұратын пәтерлердің бірінде электр сымдары жанған.
Қолқаны қапқан қара түтіннен ұйқысынан оянып кеткен үй иесі терезені ашқан кезде, тілсіз жау пәтердің ішін жалмап кетеді. Үй иесінің өзі өртеніп кеткен, алайда өрт туралы көршілері мен өрт сөндірушілерге хабар беріп үлгерген. Әйтсе де жоғарғы қабатта тұратын отбасы оянып үлгермей, үш адамға иіс тиді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда өрт сөндіруші ер адамды суицидтен арашалап қалды
Павлодар облысында көпбалалы ананың үйі түгелдей өртеніп кетті