Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
"Байлықты бір қолға беріп, ұрлауға ыңғайлы қылып отырмыз": Депутат "Самұрық-Қазына" қорын сынға алды
"Ешнәрсеге өкінбеймін": Студент жүрегі тоқтап қалған сыныптасына алғашқы көмек беріп, құтқарып қалды
Теміртауда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер адам қамауға алынды
Фото: depositphotos.com
Теміртауда жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Ал әйелге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Демалыс күндері Теміртау тұрғындары Самарқанд су қоймасының жағажайында ұят көрініске куә болды.
Куәгерлердің сөзінше, жағажайда екі әйел бен бір ер адам масаң күйде жүрген. Әйелдердің бірі ер адаммен бірге суға кіріп, жыныстық қатынасқа түсе бастаған.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарағаннан кейін жұп құқық қорғау органдарының назарын аударды.
19 мамыр күні Теміртау қаласының әкімшілік соты жұпқа қатысты жеңіл бұзақылық бойынша істі қарады. Нәтижесінде ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, ал оның серіктесіне 78 640 теңге айыппұл салынды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында домбыра мұғалімі 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
Талқылау

Жамбыл облысында ерлі-зайыптылар өз достарының 15 жастағы қызын зорлады деп айыпталды
Полиция қылмыстық іс қозғады

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
Альбинаны көбіне қызының құрбысы немесе әпкесі деп ойлайды екен