"Жеке деректердің тарауына себеп болған": Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің экс-орынбасары ұсталды
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік экс-вице министрдің ұсталғанын растады.
"Министрлік "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" басшысының ұсталу фактісін растады. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақтар уәкілетті органдардың құзыретіне жатады", – деп хабарлады еңбек министрлігі.
Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, мемлекеттік деректер қорынан ақпаратты коммерциялық ұйымға беру схемасы анықталды. Яғни 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған.
16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен – Цифрлық даму министрі түсініктеме берді
Алматы қаласы экономикалық даму департаменті еңбек министрлігіне қарайтын "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" халықтың жеке ақпаратына ие екенін анықтады. Бұл орган қазақстандықтар туралы мәліметтерді, соның ішінде зейнетақы жарналары, жәрдемақылар, әлеуметтік мәртебелер, еңбек келісімшарттары туралы деректерді жинайды. "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС өкілдері ақпаратқа жылдам қол жеткізгісі келген.
Сондықтан да прокуратура кәсіпорын басшысының Руслан Омаровты күдікті деп таныды. Ол еңбек ресурстарын дамыту орталығына жүйелі түрде пара берді деген күдікке ілінген. Ол ақшаны беру кезінде ұсталды. Іс бойынша 80 мың доллар пара берілді (41 миллион теңге) дейді. Бұл ақшаға олар қазақстандықтардың жеке дерегін берген көрінеді.
Бірінші кредиттік бюро кейін оны екінші деңгейлі банктерге сатып, осылайша ақша тапты.
Ақмәди Сарбасовтан бөлек тергеу соты денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" бұрынғы басшысы Дәулет Арғандықовты қамауға алуға санкция берді.
Ақмәди Сарбасов соңғы рет еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарды. Ол бұл қызметке бір-екі ай бұрын ауысты.
Еске салсақ, 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткені туралыхабарлаған едік. Ішкі істер министрлігі жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
