Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Темір емес, шын тұлпар": Айшолпан Тілеутайға жерлес ағалары ат мінгізді

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай туған жері Шығыс Қазақстан өңіріне барып, жергілікті ағаларының ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tleutai.aisholpan/

Айта кетейік, айтыскер ақынның асқазаны сыр беріп, Ыстамбұл қаласынан операция жасап келген еді. 

“Қазақтың қазақтығы қанында, мінезінде. Ал адамның адамдығы жүрегінде. Туған елге сағынышпен келгенде ағалық мейіріммен кең құшағын жайып қарсы алған ағаларыма мың алғыс! Дархан көңілді, жарқын жүзді Арман ағам темір емес, шын тұлпар мінгізді. Күн жылытпас қара тасты көңіл ғана жылытады, сөз өтпеген қатынасты ақ пейіл ғана жақындатады. Ақпақ та, кең пейілдеріңнен айналдым, ағалар!”, – деп жазды өнер иесі. 



Сонымен қатар айтыскер ақын асқазына операция жасағаннан кейін, бірнеше келі салмақ тастағанын айтты. Алайда “арықтағаннан кейін келіншек етіп аламын” деп жазатын жігіттерге үндеу жасады. 

“Анам Айшолпан 60 келі болғанда саған алып беремін деді. Уақытыңыз болса, сөйлесіп көрейік” деген хат алып отырмын. Қызды салмаққа қарап алатындай мал базарда жүрген жоқпыз ғой. Кеше бір жігіттен келген хат. Оқырмандарымның пікірін білейін деп постқа салып отырмын. Өз пікіріңізді жазыңыз”, – деп әзілдеді айтыскер ақын. 

Айта кетейік, бұған дейін депутат Дәулет Мұқаев айтыскер Айшолпан Тілеутайға пәтер сыйлағанын жазған едік. 

Талқылау