Тележүргізуші Асхат Садырбай жаңажылдық бағдарламалардың қызықсыз болғанын айтты
Тележүргізуші Асхат Садырбай арналардан көрсетілген жаңажылдық бағдарламарға сын айтты.
Ол телеарналарда ізденістің жоғын, барлығы бұрынғы бір форматта жасалғанын атап өтті.
«Мерекелік эфирді жіті қадағалауға, тапжылмай тамашалауға мүмкіндік те, уақыт та болмады. Арагідік басты арналардың басты концерттерін шолып шықтым. Сол бір ән, сол бір әнші. Авторлар мүлдем ізденбеген. Жаңалық жоқ. Жыл бойы құлақтың етін жеген әндерді, көзге әбден мезі болған әншілер шыршаның фонында тұрып орындауы, қалғандары дастарxан басында соларға қол шапалақтап отыруы неше жылдан бері келе жатқан Ұлы даланың Мәңгілік шаблонына айналып кеткендей. Лэдпен, шоу-балетпен жұртты қазір таңғалдырмайсың. Материал қайда, мазмұн қайда, мән-мағына қайда? Сағындырған жақсы әндер, жақсы әншілер қайда? Жоқ… Реніш болмасын. Солай», – деп жазады Асхат Садырбай.
Жіберіп алмаңыз:
Еліміздегі Жаңа жыл қарсаңында болған «күлкілі» ұрлықтар
Робби Уильямс фанаттарына жақындаған соң қолын залалсыздандыратын сұйықпен сүртті (видео)
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)