Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі Жаңа жыл қарсаңында болған «күлкілі» ұрлықтар

Қостанай облысында 1 қаңтарға қараған түні ұрлық фактілері тіркелген. Бұл қылмыстың ерекшелігі – тонауға келгендер бағалы заттарды емес, тұздалған қияр, қызанақ және қол орамалды қолды еткен.

ec36e9ad459435249d18537d60198c44_crop_l_12_t_7_w_1880_h_1058

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Мұндай фактілердің бірі Қарабалық кентінде анықталды. Онда тұздалған тағамдар ұрланған. Тағы бір ұрлықшы облыс орталығында 28 сүлгіні алып кеткен.

Қарабалықтағы тұрғындардың бірі жерқоймаға түн ауған сәтте кірген. Ұрлықшы жерқойманың төбесін бұзып кіріп, тұздалған қысқы азықты алып кетуді жоспарлаған, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жәбірленуші мереке қарсаңындағы қарбаласпен жүріп, ешқандай дыбысты естимей қалған. Дастарқанға даярлық басталған кезде ғана тұздалған тағамдардың жоғалғанын байқайды. Сөйтіп, Қарабалық АІІД кезекші жасағын шақырған. Оқиға орнында күдікті балтасын тастап кеткен екен. Жерқоймадан алынған саусақ ізімен полицейлер қылмыскерді анықтады.

Ол 23 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, сол түні күдікті сол аудандағы балабақшалардың біріне де ұрлыққа түскен. Алайда, күзетшіден қорқып, азық-түлікті ұрлап үлгермеген.

Тағы бір ерекше ұрлық жарты сағаттан соң Қостанай қаласында болды. Повстанческая көшесінде орналасқан жекеменшік үйдің тұрғыны 38 жасар әйел полицияға шағымданады. Ол жертөледен жеке заттарының және 28 сүлгінің жоғалғанын айтқан. Жедел іздестіру шаралары барысында 34 жасар күдікті ұсталды.

Жіберіп алмаңыз:

Робби Уильямс фанаттарына жақындаған соң қолын залалсыздандыратын сұйықпен сүртті (видео)

Оқушы қыз iPhone сатып алу үшін қорапшаға бірыңғай 100 теңгеліктерді жинап шыққан

Қайынағасының үйіне қонаққа барған келіншек абысынының қалай жақтырмағанын айтып берді

Талқылау