Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші каннибалдармен қосылып адамның миын жеді (видео)

CNN арнасындағы «Діндар» бағдарламасының жүргізушісі Реза Аслан Үндістандағы түсірілім кезінде мәйіттің миын жеп көрді. Ол адамның аталған басты мүшесінің дәмі көмірдікіне ұқсайтынын айтты. Facebook желісіндегі жазбасында мидың отқа қақталғанын тілге тиек етті.

0хэ

 

Тележүргізуші каннибализм туралы репортаж әзірлеу үшін Үндістанға барған. Аталған аймақтағы «діндарлар» оған адамның миын ұсыныпты. Түсірілім барысында тележүргізушінің басына адам миынан жасалған тәж таққан. Мұнымен қатар, агралардың бір мүшесінің мәйітті жалап жатқаны видеоға түсіп қалған екен.

Бұл жағдай индуизм дінін ұстанушыларды шулатты. The Washington Post басылымының хабарлауынша, аталған мемлекеттің жергілікті тұрғындары Асланның үстінен сотқа шағым түсірген. Олардың айтуынша, тележүргізуші оларға жала жапқан. Ал желідегілер өз кезектерінде мұның рейтинг үшін жасалғанын айтып өтті.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жатақханада босанған студент сәбиін қоқысқа тастаған

Өскеменде қытай сөмкесінен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда өз анасын аяусыз ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Маңғыстау облысында пойыз ер адамды басып өтті

Талқылау