Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қытай сөмкесінен ер адамның мәйіті табылды

Өскемен тұрғындары қытай сөмкесінің ішінен ер адамның мәйітін тауып алды. Оқыс жағдай Молдағұлов көшесінде, наурыздың 5-і күні болған.

0в

Бұл туралы Устинка LIVE басылымы хабарлайды.

«Аталған фактіге сай ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша іс қозғалды. Әзірге 30 жастағы күдікті изоляторда отыр. Бірнеше экспертиза түрі тағайындалды. Кісі өлімінің қандай жағдайда болып жатқаны анықталып жатыр», – дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Сол күні бір топ ер азамат бірге отырып ішімдік ішкен екен. Арасында екеуі сөзге келіспей, төбелесіп кеткен. Нәтижесінде біреуін өлімші етіп сабап тастаған.  Жиналғандар кісі өлімін жасыру үшін оны қытай сөмкесіне салып, қоқысқа тастаған.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өз анасын аяусыз ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Маңғыстау облысында пойыз ер адамды басып өтті

Теміртаулық өзін пәтеріне тіркемеген досының көзін әдейілеп шығарып жіберді

Қуаттау кезінде айфонмен сөйлескен студент ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жеткізілді

Талқылау