Телефон сатып алмақ болған қазақстандық өз аттасына алданып қалды
Әлеуметтік желіде қазақстандық қыз алаяқтың құрығына іліге жаздағанын айтып, көпшілікті мұқият болуға шақырды. Айтуынша, қазір алаяқтықтың жаңа түрі шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Балжан есімді қыз телефонын сатпақ болып шешеді. Сөйтіп оған бір жігіт телфонды ұнатқанын, сатып алғысы келетінін айтып жазған.
“Інім келеді” деп айтты. Тұрандағы “Coffee Boom-да” кездесетін болып келістік. Келді, өзі сөйлеген жоқ. Телефонды ұнатқандай көрінді. iCloud-тан шығуымды сұрады. Сол сәтте мен оның “ағасымен” телефон арқылы сөйлесіп отырдым. Ол маған алаңдауға еш себеп жоғын, өзінің алаяқ емес екенін айтты. Мен де алаяқ емес екенімді, телефонның жақсы істеп тұрғанын айттым”, – деп жазды қыз.
Фото: Балжан мен алаяқтың хат алмасуы
Сөйтіп қызбен кездесуге келген сатып алушы өз iCloud-ына кіргісі келетінін айтқан. Бірақ ол алдымен ақшаны аударуын талап етті.
“Бірінші, ақшасын аударыңыз, сосын кіре беріңіз” дегенде “Ағам сізге аударды ғой” деп жауап берді. Мен ешкімнен ақша түспегенін айттым. Ол ағасына видеоқоңырау арқылы хабарласты. Мен оған қарап тұрып “мен сізбен сөйлескен жоқпын ба?” деп сұрадым. Ол менімен емес, “Мадияр” есімді жігітпен сөйлескенін айтты. Анықталғандай, оған сатқан адамның аты – Мадияр, менен сатып алғалы отырған адамның аты да Мадияр. Осылайша, нағыз сатып алушы ақшаны алаяқ Мадиярға аударып жіберген. Соңында алаяқ сатып алушыға украин тілінде жауап жазған”, – дейді Балжан.
Фото: Алаяқтың сатып алушымен хат алмасуы
Жәбірленуші арыз жазуға оқталған, алайда оған мұның бос әурешілік екенін айтқан.
Желі қолданушысы көпшілікті алаяқтардан абай болуға, бәрін мұқият тексеріп барып шешім қабылдауға шақырды.