Тексерістен кейін Қазақстанда 40-тан астам өнім түрін сатуға тыйым салынды
Сауда және интеграция министрлігі тексерістен кейін Қазақстанда 40-тан астам өнім түріне сатуға тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеуге сәйкес, әрбір екінші өнім денсаулыққа қауіп төндіреді. Зерттеу әртүрлі тағамдар мен тұрмыстық химияның 1423 үлгісін қамтыды. Нәтижелері бойынша, жағдайдың 69%-ында заң бұзушылықтар анықталған.
"Өнімнің 43 түрі үшін сәйкестік декларациялары жойылып, тоқтатылды. Яғни Қазақстан аумағында сатуға тыйым салынды", – делінген хабарламада.
Ең көп таралған құқық бұзушылықтар:
- Өнімдердің 83%-дан астамы таңбалау талаптарына сәйкес келмеді;
- Үлгілердің 17%-ы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеді;
- 224 кәсіпкерлік субъектіге қатысты анықталған заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.
"Сүт өнімдерінің жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырады. Йогурт пен айран үлгілерінің 70%-ының құрамында консерванттар санының артуы анықталды. Бұл балалар мен тағамдық аллергиясы бар адамдардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін", – деп толықтырылды хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"