Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kcell абоненттерінің шотындағы ақша жоғалып кетті

Kcell компаниясы абоненттері телефон шотындағы ақшаларының жоғалып кеткенін айтып шағымданды. Желіде Марина Громак есімді қолданушы абоненттік төлемді жүзеге асыру үшін 5 500 теңге жұмсауына тура келгенін жазды. Компанияның баспасөз қызметі барлық қиындық 1 желтоқсан күні таңертең орын алған техникалық ақау салдарынан туындағанын айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.

«Таңертең болған техникалық ақау салдарынан қызмет көрсетуде қиындықтар туындауы ықтимал. Яғни төлем қабылдауда және бонус берілуінде қателіктер болуы мүмкін. Бірнеше сағат ішінде шотыңыздағы ақша толықтай қалпына келіп, барлық қызмет түрі дұрысталады. Келтірген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Қиындықты шешкенде, бірден хабарлаймыз», – делінеді хабарламада.

АҚ өкілдерінің сөзінше, зардап шеккен абоненттердің барлығына алдағы бірнеше күн ішінде желтоқсан айына арналған 5GB бонустық интернет-трафик беріледі.

Оқи отырыңыз:

Алматыда Назарбаев көшесінде үлкен ту жайылды (видео)

Шымкентте оқушылар Тұңғыш Президент күнінде флешмоб ұйымдастырды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында әскери қалашық салынды

Астанада 1 желтоқсанда дүниеге келген нәрестенің есімін Нұрсұлтан деп қойды

Талқылау