Текеліде қабырғаға плита жабынын салудың орнына граниттің суреті жабыстырылған (видео)
Текеліде драма театрына қарама-қарсы жерде плитадық қабырғаға граниттің суреті жабыстырылған. Мұны тұрғын желіге жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғынның айтуынша, шенеунік келеді деп олқылықтарды жасыру үшін баспалдақтың жанына граниттің суретін жабыстырған.
"Қараңыздар, сұйық гранит. Құрылысшыларға көрсетіп, үйді де осылай салсын деңіздер. Жұмсақ, ешкімнің аяғына тимейді. Жаңа технология. Текелі әкімдігінен үлгі алыңыздар”, – деді тұрғын әзілдеп.
Текелі қалалық әкімдігі жағдайға түсініктеме берді.
“Аталған жерде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Мемлекеттік мүлікке ұқыптылықпен қарау туралы бірнеше рет өтініш жасалған. Бірақ вандализмге бейім жауапсыз азаматтар бұл қабырғаның плиталық жабындарын үнемі бұзып кетеді, осылайша жағымсыз, эстетикалық кейіпке сай емес көрініс жасайды. Сондықтан жөндеуге дейін баннермен уақытша жабу туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
@tansari_tdk ♬ оригинальный звук - Тансари