AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек "жасыл" мәртебелер үшін: Қазақстандағы бизнес өкілдері жаңа шектеулерге наразылығын білдірді

Өткен демалыс күндері Ashyq жүйесінде "көк" мәртебесі бар азаматтарды дүкендер мен мейрамханаларға кіргізбей қойды. Жергілікті бизнеске бұл жаңа шектеулер қалай әсер етеді? Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап хабарлайды.

ресторан пандемия

Көк мәртебе – бұрын коронавирус жұқтырмаған6 алайда екпе салдырмаған азаматтарда көрінеді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша кәсіпкерлік нысандары демалыс күндері жұмыс істей алады, бірақ оларға тек вакцинацияланған адамдарға ғана баруға рұқсат етіледі. Желіде адамдардың мұндай карантиндік шектеулерге қарсылығын білдерген көптеген бейнежазбалар тараған.

Қарағандыда жасыл мәртебесі бар азаматтардың кәсіпкерлік нысандарына еркін кіру ережесінің жұмыс істеп жатқанына екінші демалыс күні болды. Бастапқыда Наталья Радугаға баласына мектеп формасын сатып алу үшін келгенде базарға, сосын сауда үйіне кіруге рұқсат бермеген. Әйел полицияға арыз жазып, сотқа беруді ойлап отыр.

"Ең алдымен, менің конституциялық құқығым бұзылып жатыр. Оның үстіне негізсіз бұзылуда. Сондықтан менің бұл сауда орталығының басшылығына айтар уәжім бар, мүмкін күзетшілер олардың бұйрығынсыз осылай жасаған да шығар", – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Наталья Радуга.

Көптеген кәсіпкерлік орындардың басшылығы келушілерді "көк" түсті яки "жасыл" түсті деп бөліп жатпау үшін мүлдем жұмыс істеуден бас тартқан. Қалғандары болса шығынға батуда.

Мейрамхана менеджері Евгения Шувалованың айтуынша, келушілердің арасында біреуінде "көк" мәртебе болып қалса, барлығы бірдей ішке кіре алмай қалады. Бұл мекеменің беделіне де әсер етеді.

"Коммуналдық төлемдерді біз 100% төлейміз. Кешенді тұтастай ұстап тұрып, жексенбі немесе сенбіде 20% ғана белсенділікпен жұмыс атқару өте тиімсіз. Барлығымыз жай ғана жұмыссыз қаламыз", – дейді мейрамхана менеджері Евгения Шувалова.

Жүздеген шағын және орта бизнес пандемия мен оған байланысты шектеулерге төтеп бере алмады. Ірі компаниялар әлі де жұмыс істеуде, бірақ демалыс күндері шектеулерге байланысты олар да пайданың көп бөлігінен және білікті қызметкерлерінен айырылуда.

"Қаржы министрлігі шағын және орта бизнесті тексеруге шектеуді алып тастағысы келеді. Салықтардың саны азайды деген сылтауды алға тартып отыр. Әрине, азаяды! Демалыс күндердегі шектеулерге байланысты біздің де айналым 2-3 есе төмендеді. Жасыл мәртебенің өзі біз үшін үлкен шектеу", – дейді мейрамханалар желісінің иесі Юрий Негодюк.

Мейрамханалар желісінің иесі Юрий Негодюк мұндай шешімдердің салдарынан мейрамхана бизнесінің барлық саласы бес жылға артта қалып қоятынына сенімді. Ұзақ уақытта қол жеткізген жоғары деңгейлі гастрономия жойылып, арзан әрі сапасыз тамақтануға қайта оралады дейді ол. 


БСН (БИН) дегеніміз не?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр