"Тек туысының үйіне тіркеле алады": Астанада танысының баспанасына уақытша тіркеуге тұруға болмайды

Фото: Ru.freepik.com
Астанада тұрақты тіркеуге тұру қиындайды. Қазақстандықтар үй иесі туысы болмаса тіпті уақытша тіркеуге де тұра алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда тұрғылықты жер бойынша тіркеудің электрондық форматы пилоттық жоба ретінде енгізілді. Бұдан былай азаматтар тек eGov порталы мен EgovMobile қосымшасы арқылы тіркеле алады. Бірақ жаңа жүйе бәрін бірдей қабылдай бермейді.
Енді тұрақты тіркеуге өтінішті тек Егов арқылы беруге болады. Азаматтың өзі туралы мәлімет автоматты түрде АХАТ, жылжымайтын мүлік кадастры, әлеуметтік база және еңбек платформасы арқылы тексеріледі.
Астанаға келсе, тек туысыңыз болған жағдайда және студент болсаңыз үйге тіркеле алады. Танысыңыз бен досыңызға сеніп келсеңіз үйге оралуға тура келеді.
“Белгіленген нормативтерден тыс тіркеу кезінде азаматтардың көрсетілген санаттарға қатынасын растайтын мәліметтері көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен не азаматтар ұсынған құжаттар бойынша интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде алады. Егер тіркелген адам жүйеде студент немесе туыс ретінде болмаса оған аталған санат бойынша тіркеуден бас тартылады”, – дейді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Айгүл Байгеленова.
Электронды өтініште көрсетілген үйде қанша адам тұратынына дейін есептеледі. Баспананың бір адамға шаққандағы шаршы метрі 15-тен асып кетсе басқа мекенжай іздеуге тура келеді. Айта кетейік, пилоттық жоба 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді