Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тек тойхана қалуы керек пе?!": Жазира Байырбекованың кептелісті азайтуға қатысты ұсынысы сынға қалды

жазира байырбекова Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Танымал әнші Жазира Байырбекова Алматының кептілісін азайтуға қатысты ұсынысы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі кептелісті азайтудың жолын айтып, жеке парақшасында жазба жариялады. 

“Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?!
Менің нұсқам: Барлық оқу орындарын Қонаев, Қаскелен, Талғар, Есік қалаларына көшіру вариантын ұсынар едім. Сіздің нұсқаңыз ше?, – деп жазды әнші. 



Алайда эстрада жұлдызының ұсынысы оқырмандарына жақпай қалды. 

“2000 жылдан ескі көліктерді қалаға кіргізбесе, сәл де болсын азаяр еді”, “Сонда тек тойханаларды қалдыру керек пе?!”, “Студенттердің ол жаққа қалай жететінін ойладың ба?!”, “Студенттің не кінәсі бар барлық студент жеке көлігімен жүрген жоқ қой. Пәтер жалдап зорға жүр өздері”, “Алматы жастарымен қызық”, “Ең дұрысы өзіңіз көшіп кетіңіз адамы аз кішкентай қалашыққа, сонда кептелістен құтыласыз”, “Жазира өз басын ғана ойлап отыр”, “Студенттерді айдалаға көшіруден мәселе шешілмейді”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 12 Қыркүйек, 2025 15:10
Талқылау