Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек Ashyq жобасы бойынша рұқсат беріледі: Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді

Елорданың бас санитария дәрігері Нұр-Сұлтандағы карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасын мынадай нысандарда іске асыру жалғасады:

  • фитнес-клубтар, йога-орталықтар;
  • спа орталықтары;
  • сауналар, бассейндер;
  • компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);
  • боулинг клубтары, орталықтар;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • банкет залдары, асханалар, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
  • ерікті қатысушылар;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • концерт залдары.

Жобаға қатысушылар үшін коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі үшін (қызыл аймақ) объектілердің жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (сары аймақ).

Сондай-ақ СОО, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады. Бірақ бұл ереже COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған объектілерге қатысты емес, мұнда жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді.

Қаулымен толығырақ мына жерден танысуға болады.

Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин де карантинге қатысты жаңа қаулы қабылдады.

Гүлдана Қазтай
Жұма, 23 Сәуір, 2021 22:16
Талқылау