Украиндық әуе тасымалдаушы ұйымның басшысы марқұмдардың тізімін оқып тұрғанында көз жасын төгіп жіберді (видео)
Украиналық әуе тасымалдаушы компанияның басшысы Евгений Дыхне ұшақ апатында қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімін айтып тұрғанда көз жасын төгіп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада авиакомпанияның басшысы Евгений Дыхне бақилық болған азаматтардың есімдерін айтып жатқанда, көзінен жас шығып, жылап жібергені байқалады.
Ұшақ апатына байланысты "Халықаралық Украина әуежолы" Тегеранға бағытталған рейстерді уақытша тоқтатыпты.
Естеріңізге салайық, Ирандық министрліктің өкілі Джаафар Заден ұшақта 167 жолаушы болғанын айтқан. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы тірі қалмапты. Бұған қоса апатқа ұшыраған әуе кемесінің құлау себебі айтылды. Ал Украинаның Ирандағы елшілігі болса апат теракттың кесірінен орын алды деген нұсқаға сенудің еш негізі жоқ деп айтқан.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді