Иранда Boeing ұшағы құлағаннан кейін кінәлілерді қамауға алу басталды
Ирандағы украиндық ұшақ апатының орын алуына қатысты алғашқы тергеу жұмыстарының қорытыныдысы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тегерандағы ұшақ апатына қатысы бар деп бірнеше адам қамауға алыныпты. Бұл туралы Иранның сот билігінің ресми өкілі Голямхұсейн Эсмаили мәлімдеді.
Аталған азаматтардың кім екендегі әзірге айтылмады.
Естеріңізге сала кетейік, Тегерандағы ұшақ апаты 8 қаңтарда болған еді. Қайғылы оқиға бортта болған барлық азаматтардың өмірін жалмаған.
11 қаңтар күні Иран үкіметі болған жағдайды өз мойындарына алып, абайсыздан ұшақты зымыранмен атып түсіргенін айтты. Бұған қоса Иран басшысы оқиғаға байланысты ел алдында кешірім сұрапты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн