Тбилисиде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

20–22 наурыз күндері Тбилисиде дзюдодан “Гранд-Слэм” турнир өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық додаға 50-ден астам елден 400-ге жуық спортшы қатысады.
19 наурызда аталмыш доданың жеребе тәрту рәсімі өтті. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды.
20 наурыз
60 кг: Мағжан Шамшадин – Дмитрий Котельников (Ресей)
60 кг: Талғат Орынбасар – Артём Колосов (Беларусь)
66 кг: Нұрқанат Серікбаев – Дрисс Массон (Франция)
66 кг: Ақылжан Жұбатқанов – Бенце Матэ (Венгрия)
21 наурыз
73 кг: Аңсарбек Гайнуллин – Самуэль Гасснер (Аустрия)
73 кг: Әнуар Жұмагелдин – Алан Хубиев (Ресей)
81 кг: Асқар Нарқұлов – Винченцо Пеллигра (Италия)
81 кг: Мәди Амангелді – Бернд Фашинг (Аустрия)
22 наурыз
90 кг: Барақ Арқабай – Клен Кальюлайд (Эстония)
100 кг: Бақжан Байтас – Николоз Заалишвили (Грузия)
100 кг: Бейбіт Мәдеев – Жомбор Вег (Венгрия)
+100 кг: Еламан Ерғалиев – Гела Заалишвили (Грузия).
Айта кетейік, отандық дзюдошылар жыл басынан бері екі бірдей Гранд-Слэм турнирінде бақ сынады.
Париждегі турнирде 60 кг Аман Бақытжан, 81 кг Абылайхан Жұбаназар және 100 келіге дейін салмақта Нұрлыхан Шархан қола медальді қанжығасына байлаған. Алайда Ташкентте отандастарымыз жүлдеге іліне алмады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған