Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тазабеков: Сәлафилер "тәубе қыл" деп, Матрудилер "сенбейміз" деп қорқытып жатыр

Мұхамеджан Тазабеков діни ұстанымының ауысқанын айтып көпшілікке үлкен жаңалығын айтты. Ол діни көзқарасының өзгергенін, дұрыс бағытқа өзгергенін айтып ақталды. Осыдан соң өзін қорқытқан адамдар аз болмаған. 

"Нұр-Сұлтанға ұшып келген бетім. Телефонымды ашсам, хабарласудың қандай мүмкін жолы бар, соның бәрі хабарламаға толып тұр екен... Сәлафилер “тәубе қыл” деп, Матрудилер “сенбейміз” деп күмәннің көрпесін тартқылап жатқан жұрт, шіркін... Тіптен, жақсы көргендердің кейбірі “мұнафиқ” деп баға беріп, жек көріп жүргендер “тақия қылуда” деп жүрегіме кіріп-шығып жатыр екен...

Жүректердің сыры мәлім болған, ашуынан кешірімі алдын жүретін, тағдырымның жалғыз Иесі - Ұлы Аллам бар екенін ойлап, пенделер әділетсіздік қылса да, Ол ықыласты құлын тастамайтынын еске алып, бас қаламның босағасынан аттап, үлкен жоспарлар мен ел игілігі үшін істелетін шаруаларға кірісіп кеттік", деп жазды Тазабеков

Желідегі оқырмандары мен танымал жандар қолдау көрсетіп, тілегін жазды. Олар Тазабеков мырза біртуар азамат, халыққа берері көп деп ақтады.

"ҚАЗАҚ халқына ауызбірлік беріп, бір АЛЛА жар болсын, Мұхамеджан мырза", деп жазды Сәкен Майғазиев.


Белгілі дінтанушы кеше ғана сәлафизмнен бас тартқан Мұхамеджан Тазабековке шарт қойды


"Алла жар болсын, Мұха! Егер Алла панасына алса кім зиян береді? Егер Алла панасынан шығарып қойса, кім қорғай алады?", - деп жазды Балғынбек Имашев.

"Аға, Алла жар болсын! Қазаққа қасық қаны қалғаншы қызмет ететін ағамыз екеніңізді жүрегіміз, жан-дүниемізбен сеземіз, білеміз! Артық сөз, керітартпа пікірге пейіл салмаңыз. Алла әділ ғой!", деп жазды айтыскер Рүстем Қайыртай.

"Аға, сіздің қандай Ер екеніңізді сол сізге тас атып жүргендер бізден гөрі жақсырақ білеме деп ойлаймын кейде. Сол үшін де олар сізде дара шауып, қара үзіп кетпесін деп тас атуын күшейте түседі. Сізді таныс болған 15 жылда, жақын іні боп араласқан 9 жылдан бері мың рет ұшырасссақ, соның бірде-бірінде ақида жайлы насихат не болмаса əңгіме айтпапсыз. Тек қана руханият пен қазақтың ынтымақ бірлігі хақында сөз қозғаған екенсіз. Осыдан-ақ сіздің қай сенімде екеніңіз əу бастан белгілі еді. Алла жар болсын. Абырой-беделіңізді Құдай көтерген еді, енді оны адамдар түсіре қоймас", - деп жазды Біржан Айтуов.

Айта кетейік, Тазабеков өзі араласып жүрген салафизмнің жат ағым екенін түсініп, Матруди ақидасын мойындағанын мәлім етті. Дегенмен оған сенбестік танытқандар бар. Бұл да бір жат ағымның әдісі деп болжады кейбірі. 

Талқылау