Таиланд 200 000 шетелдік туриске ішкі рейстер үшін тегін билет бермек
Фото: Sara Dubler / Unsplash
Биыл қыркүйек-қараша айларында Таиланд үкіметі шетелдік қонақтарға 200 мың тегін ішкі әуе билетін таратпақ. Бастаманы елдің Туризм және спорт министрлігі жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bangkokpost басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Акция "Халықаралық әуе билетін сатып ал да, Таиландта тегін ішкі рейспен ұш" деп аталады. Бастама туристерге танымал курорттармен қоса танылмаған өңірлерді де аралауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін үкімет орталық резерв қорынан 700 миллион бат (11 миллиард 536 миллион теңге) бөлуді көздеп отыр. Орташа билет құны 1750 бат (28 840 теңге). Ал екі жаққа сапар үшін 3500 бат (57 680 теңге) төленбек. Акция негізінде 200 мың турист үшін 400 мың орын қарастырылады.
Қыз жігітін құлдыққа сатып, Таиландқа демалуға кеткен
Акцияға 6 әуе компания қосылған. Олар:
Thai Airways;
Bangkok Airways;
Thai AirAsia;
Nok Air;
Thai Lion Air;
VietJet Thailand.
Тегін билеттер халықаралық рейске билет сатып алған жағдайда әуе компаниялардың ресми сайттары немесе онлайн-турагенттер арқылы беріледі.
Туристер үшін шарт:
Әрбір шетелдік турист халықаралық билет алған соң, ішкі бағытқа тегін бару–қайту билетін ала алады.
рейс ақшасына 20 келіге дейінгі багаж кіреді;
Билетті елдің кез келген өңіріне пайдалануға болады.
Министрлік болжамынша, бағдарлама шамамен 8,8 млрд бат (145 миллиард 024 миллион теңге) кіріс әкеледі. Ал бюджеттен жұмсалатын шығын тек 700 миллион бат (11 миллиард 536 миллион теңге) болады. Қазір жоба министрлер кабинеті тарапынан соңғы мақұлдауды күтіп отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Таиландта қазақстандық тағы бір турист жол апатынан қаза тапқан еді.

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
