AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tax free: Алматыдан ұшып шыққан шетелдік туристерге сатып алған тауарлары үшін 8 млн теңге қайтарылды

Мемлекеттік кірістер комитеті кіру туризмін дамыту мақсатында "TAX FREE" пилоттық жобасын іске қосқан. Пилоттық жоба аясында шет елдерден келген туристтерге сомасы 20 АЕК-тен кем болмайтын тауарларды елімізде сатып алып, ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезінде ҚҚС сомасы өтеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пилоттық жоба 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін әрекет етеді.

"TAX FREE" пилоттық жобасында Алматы қаласындағы "Esentai Mall" сауда үйінде орналасқан 34 әлемдік брендті ұсынатын 24 сауда қызметінің субъектісі қатысады. Өтемақыны алу үшін турист "TAX FREE" чегін кеден бекетінің қызметкеріне ұсынуы қажет. Алматы халықаралық әуежайында шекарадан өту барысында кеден бекетінің қызметкері тиісті белгіні қойған соң, өтемақы сомасы түседі.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Жоба басталғалы бері шетел азаматтарына 103 млн. теңгеге сатып алынған
тауарлар үшін, 8,0 млн.теңге көлемінде ҚҚС соммасы өтелді. Сонымен қатар, Covid-19 пандемиясына байланысты шектеулерді және оның отандық және әлемдік туризмнің дамуына теріс ықпалын ескере отырып, "TAX FREE" пилоттық жобасын қолданылу мерзімін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін, яғни 1 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ пилоттық жобаны жүргізу географиясы Алматы, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларына кеңейтіліп, стационарлық сауда объектілерінің саны ұлғайтылады.

Пилоттық жобаны келесідей кеңейту ұсынылды:

- Алматы қ.: "Esentai Mall" СОО, "Мега" СОО, "Достық Плаза" СОО, "Forum" СОО, "Rolex Boutique Almaty" сағаттар дүкені, "Premier Group" сағаттар дүкені, "Tiffany" дүкені, "Cartier" дүкені;

- Нұр-Сұлтан қ.: "Talan Gallery" СОО, "Керуен" СОО, "Хан Шатыр" СОО, "Мега Silk Way" СОО;

- Түркістан қ.: "Karavansaray Turkistan" СОО. Қазіргі уақытта нормативиік құқықтық акт жобасы барлық қажетті рәсімдерден өтіп, ҚР Әділет министрлігіне келісуге жолданған.

"TAX FREE" жүйесі барлық дерлік дамыған елдерде жұмыс жасап жатқанын
ескеру қажет. Бұл, өз кезегінде, туризмді дамытып, жергілікті бизнесті қолдауға көмегін тигізеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр