Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таунхаус құрлысына 500 млн құйған: Оралда үйлі боламыз деген салымшылар алаяқтарға алданып қалды

Орал соты салымшыларын алдап, үйлерін табыстаманан құрылыс компаниясына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінеің мәліметінше, салымшылардың қаражаты алаяқтық жолмен алынған. Құрылыс салушылар азаматтардан ақша алу үшін арнайы схемаларды қолданған. Олар әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі онлайн-жарнама платформаларында таунхаус салып жатқандары туралы ақпараттар жариялап, салымшыларды қызықтырған.


"Әкімдік неге заңсыздықтарына көз жұма қарайды": Екі жылдан бері пәтерін ала алмаған Rams City-дің алматылық салымшылары шу шығарды


“Алаяқтар өздерін құрлыс компаниясы ретінде таныстырып, салымшылармен келісімшартқа отырып, төлемдерін алған. Оларды құрылыстың салынып жатқанын айтып сендірген. Қаражатты алып, құрылыс салушылар зардап шеккендерге келісім-шартта белгіленген мерзімде қалаған тұрғын үйді салуға уәде берді, бірақ іс жүзінде бұл уәделерін ұзақ уақыт орындалмаған”, – делінген хабарламада.

Осылайша олар 32 адамды алдап, 490 млн 888 мың теңге ақша алған.

“Сотта екі сотталушы жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынастардың бар екенін алға тартып, өз кінәларын мойындамады. Алайда олардың аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекет жасағаны дәлелденді. Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген залал жәбірленушілердің пайдасына толығымен өндірілді”, –делінген хабарламада.

Еске салсақ, желіде алматылық тұрғынның қалада жаңа алаяқтық түрі пайда болғаны туралы ескерту видеосы тарады. Айтуынша, көшеде қара жәшік ұсынатын қыздардан сақ болған жөн.

Талқылау