Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық пара таеквондошының неден қайтыс болғаны анықталды

Пара таеквондодан Қазақстанның ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан Елубайұлының қазасына қатысты тың деректер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының 5-орын иегері, екі дүркін әлем чемпионы Нышан Өмірәлінің неден қайтыс болғаны белгілі болды. 1 қазанда сағат 22:15-те "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық тас жолының 542-шақырымында Түркістан облысынан Тараз бағытында келе жатқан Nissan Maxima көлігінің жүргізушісі түйемен соқтығысқан.

Спортшы кенет Айша бибі ауылының іргесіндегі жолда келе жатқан түйені көреді. Соқтығысудан сақтануға тырысып, күрт бұрылғанымен, басқаруды жоғалтып, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізуші басынан ауыр жарақаттар алып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. 

Айта кетейік, Нышан Өмірәлі – Жамбыл облысы Тараз қаласының тумасы. Ол 17 жасынан спортпен айналысып, бүгінге дейін екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Даурен Түлкібай
Сәрсенбі, 02 Қазан, 2024 19:19
Талқылау