Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тауыс, тауық, әтеш және 4 жылқы асыраймыз": Продюсер Баян Алагөзова үй жануарлары туралы айтты

Баян Алагөзова үй жануарлары туралы айттыФото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің “Сырласу” жобасының жаңа шығарылымында үйінде қанша жануар барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олардың үйінде айтарлық көп үй жануары бар болып шықты. Баян Алагөзованың сөзінше, оларда екі мысық, үш ит, тауыс, тауықтар, әтештер және тіпті 25 көгершін бар. Иттердің бірінің аты – Маша, ол бұрынғы үй иелерінен қалған, алайда қазір отбасының толық мүшесі.

“Бізде тағы екі ит бар. Қаймақ пен Тары. Тазы тұқымдас. Асырап жатқанымызға бір жыл болды. Өте ақылды. Үнемі аңға шығады”, – дейді ол.

Өнер иесі әр таң сайын жануарларды көру ерекше сезім сыйлайтынын айтады.

Құстар мен иттерден бөлек, Алагөзовтердің шаруашылығында төрт жылқы бар. Солардың біреуі саумал береді, ал екіншісі жақында құлындап, тағы да тайлақ күтіп отыр.

Желі қолданушылары продюсердің үй жануарларына қатысты жылы пікірлер қалдырып жатыр.

“Анасы да, қызы да сұлу”, “Ғажап, Баян өте әдемі әрі ақылды”, “Олардың үйі ертегі сияқты. Ауласы да керемет безендірілген”, “Қаймақ пен Тары өтті, недеген күшті аттары”, “Мейірімді адам, осыдан кейін бұл адамды бұрыннан да қатты сыйлайтын болдым”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Терреңқұр аумағындағы Алагөзовтың жер телімдерінің жанындағы жекеменшік үйлер бұзылып жатқаны хабарланған еді.

Қазақстандық PR-маманы Сергей Чикин ұзақ уақыттан бері дауға айналған учаскелер Қазақстандық продюсер әрі Forbes тізіміндегі миллионердің отбасына тиесілі екенін мәлімдеді. Чикиннің мәліметінше, ол үйлерді бұзу жұмыстары басталып кеткен. Тұрғындар бұл үйлерді Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтардың отбасы сатып алғанын мәлімдеген еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 17:30