Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тауға шыққан Айсұлу Әзімбаеваның басына найзағай түсе жаздады (видео)

Тағы бір шыңды бағындырмақ болған Айсұлу Әзімбаева басына найзағай түсе жаздағанын айтты. Найзағай даусынан актрисаның құлағы 10 секундтей уақыт бітеліп қалған.

1

Фото: instagram.com/strangeice/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

АРТиШОК театрының актрисасы Айсұлу Әзімбаева демалыс күндері тағы бір шыңды бағындырмақ болған. Тауға анасымен бірге шыққан. Алайда жолда екі рет нөсерлеп жаңбыр жауып, артқа қайтуға мәжбүр болған. Жауынның қатты жауғаны соншалық бас көтертпей қойған. Тіпті бір кезде актрисаның басына жасын түсе жаздаған екен. Осыдан кейін мұны Жаратқанның бір белгісі деп түсініп, үйіне қайтқан.

“Кеше №6 көліне бардым, кейде оны Мәншүк деп те атайды. Бұл жолы тағы да жолым болмады. Альпинградқа жеткенім сол еді нөсерлеп жаңбыр жауып кетті. 3 000 метр биіктікте ағаш өспейді, сондықтан уақытша паналайтын жер таппадық. Адамдар тек 6 км қашықтықта өмір сүреді. Таудағы жайсыз ауа райы адам өміріне үлкен қауіп-қатер төндіреді. Сондықтан кері қайтып, үйге баруды жөн көрдік.

13704215_1587961648170854_106287644_n

Бір шетінен күлкілі жағдай. Тауға өрлесең, бұршақ арқаңа келіп тиеді. Төмен түссең, бет шыдатпайды. Денең ауырады, су боласың және мұздайсың.  Жазық жерге түскеніміз сол еді табиғат көктемдей құлпырып шыға келді. Бұршақ тоқтады. Тас төбеден күн де жарқырап шыға келді. Қайтадан тауға шықпақшы едім жаңбыр жауып кетті. Таулар маған осылайша алдын ала ескерту жасаған сыңайлы. Себебі, Шымбұлақтың тұсына келгенімде нөсерлеп бұршақ жауып, басыма найзағай түсе жаздады.

Үш қабат киімнің өзінен тоңып, 2 сағат бойы Шымбұлақта жылынып отырдым. Көлік жолы жабық болғандықтан, қалаға қайта алмадым. Осындай бір қызық оқиға болды. Ешнәрсе өздігінен болмайды. Қалаға әрең келгенімде ақыр заманның бір түрі болып жатыр екен. Артынша кемпірқосақ шықты”, – дейді Айсұлу Әзімбаева.

Желі қолданушылары актрисаның батылдығына қайран қалды. Себебі, небәрі 28 жастағы актриса осы уақытқа дейін 30 мемлекетке саяхаттап үлгерген. Мұнымен қатар, жуырда Эльбрус шыңын бағындырған болатын.

“Айсұлу, мұндай ақпаратыңыз үшін көп рахмет”, “Айсұлу сіздің парақшаңыздан өмірге деген құштарлық пен махаббаттың иісі аңқып тұр. Үнемі қызықты жазбалар жазып, ақыл-кеңестеріңізді бөлісіп отырасыз. Сізге сарқылмас шабыт тілеймін”, “Құдай сақтасын! Найзағай түсе жаздады дейсіз бе? Қазір жағдайың қалай?”, “Қорқынышты. Келесі жолы міндетті түрде ауа райын тексеріп ал” дейді желі қолданушылары.

Артынша актриса желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді. “Найзайғай тура құлағымның жанына түскендей болды. 10 секундке құлағым бітеліп, тура алдымнан оның жарқылын көрдім. Мен шын мәнінде ауа райын тексерген болатынмын. Ауа райы қас қағым сәттің ішінде өзгеріп шыға келді. Әдетте нөсерлеп жауын жаумас бұрын аспанға бұлт үйірілетін еді ғой. Бұл жолы ешбір табиғи ескертусіз құйып кетті”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Айсұлу Әзімбаева сұлулығының құпиясын ашты

Айсұлу Әзімбаева 30 мемлекетке саяхаттағанын айтып, жұртты қайран қалдырды

Айсұлу Әзімбаева Еуропадағы ең биік шыңды бағындырды (фото, видео)

Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Талқылау