Тәуелсіздік күні полиция көлігіне ту ілген қазақстандықтарды тоқтатты: Министрлік тумен безендіру заңға қайшы емес екенін мәлімдеді

Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігі Тәуелсіздік күні мерекесіне орай көліктерін мемлекеттік тумен безендірген жүргізушілерге қатысты пікір білдірді. Себебі бір топ адам ту көтергені үшін айыппұл арқалағандарын айтып шамданған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі құқықтық тұрғыдан мемлекеттік туды көлікке орналастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмағанын айтты. Алайда жүргізушілер қауіпсіздік талаптары мен жол жүрісі қағидаларын сақтау міндетті дейді.
Сөзінше, кейбір азамат мерекелік шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға кедергі жасап, көшелерді жауып тастады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері заңға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болған.
16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені, апаттық жағдай туғызғаны және көлікті заңсыз жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың Мемлекеттік туды пайдалануға қатысы жоқ деді.
“Алматыда полиция қызметкерлері шарлармен безендірілген қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушыларына олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ көлікті заңсыз тоқтатуға байланысты деректер тексеріліп жатыр. Кінәлі полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полиция мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тек ресми мәліметтер мен ақпарат көздеріне сенуге шақырады”, – деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова
Мәдениет және ақпарат министрлігі де көліктерде мемлекеттік туды көрсету заңбұзушылық емес екенін және айыппұл салуға әкеп соқпайтынын мәлімдеді. Ведомоство өз патриотизмін осылай білдірген қазақстандықтарды қолдады.
Министрлік патриотизмді, елді және оның жетістіктерін қолдауды білдіру үшін мемлекеттік рәміздерді пайдалануға шақыратынын хабарлады. Ең бастысы, бұл заң шеңберінде жүзеге асырылады.
"Біз азаматтардың патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті және ел мен оның азаматтарының жетістіктерін қолдауды қолданыстағы заңнама шеңберінде білдіру үшін мемлекеттік рәміздерді пайдалануға шақырамыз", – деп атап өтті министрлік.
Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде полицияның туларды ілулі тұрған көліктерді тоқтату оқиғалары белсенді талқыланды. Алайда министрлік мұның туға байланысты екенін жоққа шығарды.
"Көлікте мемлекеттік туды көрсету әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқпайтынын атап өткен жөн. Ішкі істер министрлігі мен жергілікті полиция департаменттерінің түсіндірмелеріне сәйкес, көліктер 16 желтоқсанда тек жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатылды", – деді баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады