Тәуекел Мүслім әйелінің мәһрге не сұрағанын айтты
Танымал актер Тәуекел Мүслім “Оян” бағдарламасында жұбайы Махаббатқа қандай қымбат сыйлық тарту еткенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/mussilim
“Негізі жағдайым жақсарған сайын әшекей секілді сыйлықтар сыйлап тұрамын. Махаббат риза, бақытты. Екеуіміз неке қиғанда мәһрге әшекей-бұйым сұрады. Сол кезде ғана нақты қандай сыйлық қалайтынын айтқан болатын. Жалпы Махаббат – өте экономды қыз”, – дейді Тәуекел Мүслім.
Актер болашақта бес баласы болғанын армандайтынын айтып қалды.
“Бала кезімде бес балам болса екен деп ойлайтынмын. Бірақ қазір екі баланың өзіне біраз уақыт, күш кететініне көзім жетті. Енді үш балам болса, соларды аяғына тұрғызып, жеткізіп алсақ, соның өзі бізге үлкен еңбек, жетістік”, – деді актер.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан