Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім өзін ессіз ғашық еткен қырғыз аруы жайлы айтып берді (фото)

Бүгінде Тәуекелдің қыздардан көңілі қалған. Жүрегі қалаған аруға сөз салса, сүйгені көп ұзамай сезімге берілген суреттерін желіге жүктеуді әдетке айналдырған көрінеді. Тіпті мұндай жағдайға жиі тап болған танымал жігіт талай мәрте тығырыққа тірелгенін айтады, деп жазады актермен тілдескен Stan.kz тілшісі.

ТАУУУУКЕ

«Қандай мақсатпен желіге жүктейтінін мен түсіне алмай қойдым. Мүмкін мақтану болар. Солардың барлығы менің таныс қыздарым, жақсы араласатынмын. Соңында неге ондай қадамға бардың деп сұраған кезде, өз қателіктерін түсініп жатады», – дейді бірнеше сылқыммен көңіл жарастырған Тәуекел.  

ТАУЕКЕЛ МУСЛИМ

Айта кетейік, Мүсіліммен болған арадағы махаббат хикаясын бірінші болып қырғыз қызы ғаламтор арқылы дүйім жұртқа жариялаған еді. Алайда, Тәуекел сүйіктісіне сатқындық жасаған арумен сол сәтте-ақ қарым-қатынасқа нүкте қойғанын айтады.

 «Басында біз кездестік. Сезім болды арамызда. Мен оны жасырмаймын. Бірақ, менің мақсатым басқа, оның мақсаттары басқа. Содан кейін кішкене көзқарасымыз әр түрлі болып, мінезіміз сәйкес келмеді. Солай қоштасуға тура келді», – дейді қырғыз қызына ессіз ғашық болған қазақ баласы.

ТАУТТТ

Жәмила есімді қырғыз қызына ғашық болған жігіт жайлы жаңалықтан ет-жақындары да хабардар болған. Тіпті, Тәуекелдің таңдауына тосқауыл қойып, анасы сезімнің жетегіндегі серіге сол сәтте-ақ қатаң тапсырма беріпті.

«Қанымыз, жанымыз болғаннан кейін, қазақты тек қазақ түсінеді. Сол себептен өзге ұлтты қарамаймыз, қарастырмаймыз. Тек осы қаракөз қазақ қызын аласың, соның арасынан тәрбиелі, салт-дәстүрді жетік меңгерген, ибалы, инабатты бойжеткенді іздейміз», – деп анасы ұлына шарт қойған.

Бүгінде Мүсілімнің отбасында келін тақырыбы жиі талқыланып жүр. Алайда, анасының талабын орындау үшін, Тәуекел барған жерінде қыз-қырқынға көз-қырын салып жүретін болған. Олай болса, талай арудың арманына айналған сері, биылдан қалмай бойдақтық өмірмен қош айтысса, таң қалмаңыз!

ТАУЕКЕЛЛАЛА

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты

Үйленгелі жатқан Артур Төлепов алғаш рет сүйіктісі жайлы сыр шертті

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді

Талқылау