Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Желіге жүктеген әр посты қызу талқыға түсетін Ақбота Сейітмағамбет, анда-санда инста парақшасына ретро фотоларды жүктеп, оқырманының санасын сан-саққа жүгіртетіні бар. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген «Кешьюдің» экс-әншісі, бұл жолы балалық шағында бастан кешкен қиындығы жайлы айтуға бел буды.

СЕЙТ БОТА

Иә, әншінің сағынышқа тұнып тұрған суреттерді салуы да тегін емес. Ақбота 9 жасқа толғанда ата-анасынан ерте айырылғанын айтады. Осы уақытқа дейін жанұясы жайлы жан баласына жақ ашпаған ол, бұл жолы ата-анасы мен бауыры жайлы көпшілік біле бермейтін құпияның құлпын ашуға тас-түйін дайын.

СЕЙТ МАМА ПАПА

«Отбасым туралы ешқашан айтқым келмейтін. Бірінші рет айтып отырмын. Иә, ата-анамыз кішкентай кезімізде қайтыс болып, мен 3-ші сынып оқитын кезде, інім бірінші сыныпқа енді баратын кезде ертеректе айырылдық. Мамамның туған әпкесі болатын. Аты Әлия. Сол кісінің қолында өстік. Бізді осы уақытқа дейін асырап, бағып, жеткізді», – деп әпкесіне деген алғысын жеткізген Ақбота, қиын кезде қолдау көрсеткеніне шексіз ризашылығын білдірді.

СЕЙТ БРАТИШКА

Жастайынан тағдырдың тауқыметін тартқан Ақбота үйдің тұңғышы және өзінен 2 жас кіші Нұрсұлтан есімді інісі бар екен. Сондай-ақ, бүгінде бауырын қанатының астына алғанын айтады.

СЕЙТТТ БРО

«Менің жалғыз бауырым. Қазіргі таңда менің үйімде бірге тұрамыз. Мен оған әрдайым қолдау көрсетіп, қарайласамын. Жұмысқа да орналастырып бердім, оқуында оқып жатыр. Қазір жағдайы жақсы. Менің жанымда!»дейді інісіне қамқорлық танытып жүрген Ақбота.

СЕЙТТТ МАМАА

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар тойына шақырмаған Ернар Айдарға ренжіп жүр

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Талқылау