Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім: Жұрт мені күнде қыз ауыстырады деп ойлайды

Тәуекел Мүслім фильмдерде қызқұмар жігіттің рөлін сомдаса да, шынайы өмірде тек бір жанды сүйетінін айтып жатыр.

16584959_728467393997799_1888891861905440768_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

2016 жылы “Барлығы жігіттер үшін” атты туындының түсірілімі басталған-ды. Аталған фильмнің монтаж жұмыстары аяқталып, 2 наурыз күні қалың көрерменге ұсынылмақ. Басты рөлді сомдаған Тәуекел Мүслім өзінің қызқұмар еместігін айтып жатыр.

“Мен қызқұмар жігіттің рөлін сомдаймын. Әрине, қиын болды. Өйткені , шынайы өмірде мен мүлдем басқа адаммын. Көбісі мені “қыздарды апта сайын емес, күн сайын ауыстырады”, “Тәуекелге ғашық болатын қыздар көп”, “Ода қызға қатысты проблема жоқ” деп ойлайды. Бір уақыт ішінде бірнеше қызбен кездесе алмаймын. Бір адамды өмір бойы сүйіп өтетін жандардың қатарынанмын. Фильмде Қызқұмар жігіттің рөлін сомдап келіп, бірден өзгеріп салу қиынға соқты”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимов: Керек кезде келіншегімнен ақша сұраймын

Баян Есентаева Мальдив жігіттерімен қосылып таңдай қақтырарлық би биледі (видео)

Айдана Меденова бал айында түнеген қонақүйге қызын апарды (фото)

Қытай журналистері Ақтөбеде Димаш туралы фильм түсіріп жатыр

Талқылау