Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа көліктер үшін кезек: Қазақстанда автокөлік бағасы неліктен қымбаттауда?

Қазақстанда автокөлік жетіспеушілігі туындады. Қазіргі уақытта жаңа көлік сатып алу мүмкін емеске айналған. Автосалонның кезегінде тұрған тапсырыс берушілер айлап күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

машина завод

Еліміздегі көлік сұранысының күрт артуына пандемия әсер еткен. Тұрғындардың бірі үнемі туындаған шектеулерге байланысты сатып алуды кейінге қалдырса, ал басқалары қауіпсіздікті сақта үшін автокөлік сатып алуға шешім қабылдаған.

Осы жылдың тоғыз айында қазақстандықтар 86 мың жаңа көлік сатып алған және бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға көп.

Алайда бағаның өсуіне себеп тек жоғары сұраныста ғана емес, автокөліктер қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты жеткізіліп және құрауға уақыт жетпейді. Өндірушілер электрочиптердің жетіспеушілігіне тап болған. Тауар Қытаймен шекарада тұрып қалған.

Осы жағдайлардың барлығы бағаның өсуін туындатқан. Және тек жаңа көліктердің ғана емес жүрілген көліктердің құны да қымбаттап кеткен.
Қазақстанда жаңа көліктер түпкілікті таусылған. Жаңа көлік сатып алуға ниеттенген Алмас Қуанышұлының айтуынша, ол Қазақстанда құрастырылған көлікті таңдап, алғашқы жарнасын да төлеген.

"Толық бағасы шамамен 6 млн 500 мың теңгедей. Алдын ала төлемсіз олар тіпті орынды белгілеп, қоймаларға да тапсырыс бермейді. Маған машинаның бір айдан үш айға дейінгі аралықта жеткізілетіндігін айтты. Бірақ қазір үш айдан асып кетті, сол күйі хабар жоқ", - дейді ол.



Үлкен мәселелер шағын электрочиптердің жетіспеушілігінен туындаған. Ал оларсыз кез келген заманауи көлік орнынан қозғалмайды.

Микроқұрылғылардың жасап шығаратын зауыттар ұзақ уақыт карантинде болған.

Ескі көліктер болса жаңа көліктердің бағасымен бірдей сатылуда. Ал арзан көліктерге ұмтылған қазақстандықтар көп жағдайда алаяқтарға тап болып жатады. Елордалық полицейлер осындай істің бірімен айналысуда. Жергілікті автоорталық тауарларды нарықтан төмен бағамен ұсынған. Арзанға алданған тұрғындар ақшаларын әкеліп салып, бірақ арманындағы көліктеріне қол жеткізе алмаған.

Салон қазір жабылып қалған. Ал басшылары 400 адамның 7 млрд теңгесін ұрлап кеткен дейді зардап шегушілер. 

Сатушылардың мұндай іс-әрекеттері қалыпты жәйт, деп түсіндіреді экономист. Елдегі көліктердің көпшілігінің "жасы" 10 жылдан асып кеткен. Осы себепті қазақстандықтар ескі көліктен тезірек құтылғысы келеді.

"Жаңа автокөліктердің тиісті саны жоқ, ал олардың бағасы аспандап кеткен. Әрине бұл жағдайда адамдар екінші нарыққа көз тастайды. Нарық сегменті бағаның өсуіне бірден әсер етеді. Мемлекет өзі тудырған осы мәселелерді шешпейінше, жағдай тек шиеленісе түседі", – дейді экономист Айдар Әлібаев.

Шенеуніктер болса бағаға бақылау жасауға құқықтары жоқ екендігін алға тартады. Бірақ, кәсіпкерлер бағаны көтермеуі үшін олар кедендік баж салығын төлеуден босатылады.

“Жалпы, автокөліктер үшін мемлекет салық және кедендік жеңілдіктер бойынша барлық қажетті қолдау шараларын ұсынады, белгілі бір төлемдерден босатылады", – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Машина жасау бөлімінің бас сарапшысы Руслан Хисамутдинов.

Талқылау