Ұйықтап жатқан ер адамның төсегінде Power bank жарылып кетті (видео)
Ташкентте 28 қазан күні таңертең 09:00 шамасында ер адамның төсегінде жатқан Power bank жарылып, өртеніп кетті. Ер адам ұйықтап жатқан кезде құрылғының отқа оранып кеткенін байқайды. Ол дер кезінде оянып, өртті сөндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаға қатысты хабарлаған тұрғынның айтуынша, ешқандай қызметті шақырудың қажеті болмаған. Себебі ол өртті өз күшімен сөндірді. Қауіп төндіретін жарақаттар немесе зақым алмаған.
Келеңсіз оқиға өндіруші компанияның назарынан тыс қалмады. Компания жағдайды зерттеп, келтірілген зиянды өтеуге дайын екенін білдірді. Қазір өтемақы шарттары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда ұялы телефонның қуаттағышы жарылып, пәтерде өрт шықты. Үй иесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Өрттің алдын ала себебі – ұялы телефонның қуаттағышының қысқа тұйықталуы.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған