Ташкентте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысатын боксшылардың тізімі жарияланды
Ташкентте 1 мамырда басталатын бокстан әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы "Алма-Тау" базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Жиында чемпионатта ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі жария етілді. Олар:
48 келі – Санжар Тәшкенбай;
51 келі – Сәкен Бибосынов;
54 келі – Махмұд Сабырхан;
57 келі – Серік Теміржанов;
60 келі – Талғат Сырымбетов;
63,5 келі – Санатәлі Төлтаев;
67 келі – Дулат Бекбауов;
71 келі – Асланбек Шымбергенов;
75 келі – Нұрқанат Райыс;
80 келі – Нұрбек Оралбай;
86 келі – Сағындық Тоғамбай;
92 келі – Айбек Оралбай;
+92 келі – Қамшыбек Қонқабаев.
"Әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық. Ссондықтан әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орны бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін", – деді Мырзағали Айтжанов.