Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте ән айтатын қайыршы бала желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде бірнеше айдан бері Ташкент көшелерінде ән айтып жүрген бала қызу талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші бала дауысы мен сенімділігінің арқасында туристер арасында танымал. Бала қазақ тіліндегі “Көзмоншақ” әнін орындау арқылы көрші елге барған қазақстандық туристердің қызығушылығын тудырып және бастапқыда тек жағымды ықыласқа ие болған. Алайда уақыт өте келе әнші бала туралы жағымсыз пікірлер мен естеліктер жазыла бастады. 

Баланы Ташкенттің ең танымал орындарының бірі “Чорсу” базарының маңынан жиі кездестіруге болады. Онда ол туристерге жақындап, танымал әндер айтады және өнер көрсеткеннен кейін ақы сұрайды. Куәгерлердің айтуынша, “баға” шамамен 100 мың сумды (шамамен 4,5 мың теңге) құрайды.

Кейбіреулер баланың тым дөрекі әрекет ете бастағанын айтады. Турист әйелдің сөзінше, бала оның қолынан 150 мың сумды (шамамен 6,6 мың теңге) жұлып алып, қашып кеткен. Осы оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

“Ол жақындап келіп, “И снова седая ночь” әнін айта бастады, ал кейін кенеттен 100 мың сум талап етті. Біз қарсы болмадық, бірақ қолыма 150 мың сум алған кезде ол бәрін жұлып алып, қашып кетті. Мен оған ашуланған жоқпын, жүрегім ауырады: оның мұны отбасы үшін жасап жатқанын байқауға болады”, – деп жазды әйел. 

Желі қолданушылары видеоға ашулы әлі жағымсыз пікірлер қалдырған: 

“Мен мүндайларға ақша бергенше, жануарларға азық алып берейін”, “Бала енді әдепсізденіп кетті, жергілікті тұрғындар оған алданбайды”, “Ол әдепсіздікті үйреніп жатыр, алда жағдай одан сайын нашарлайды”, “Өтініш, оны өзіңізбен бірге алып кетіңізші! Біз сізге ризашылық білдіреміз”,”«Ташкент тұрғыны ретінде "испандық ұят" сезіндім…”, – делінген пікірлерде. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 22:26
Талқылау