Таразда жоғалған студентті полицейлер іздеп жатыр
Полицейлер Тараз қаласының 19 жастағы студентінің жоғалуына байланысты жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды.
Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«9 наурыз күні Жамбыл облыстық ІІД-не жоғалған студенттің туыстары хабар берген. Осыған байланысты жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.
ІІД мәліметінше, Виктордың суреті бойынша достары мен таныстары белгіленді. Жоғалған студенттің болуы мүмкін барлық жерлер қарастырылатын болады.
«Жоғалған студентке қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда 99-71-49, 43 —39 —32 немесе102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз», – деп жазылған пресс-релизде.
Талқылау