Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жасөспірімді қағып өлтірген көлік жүргізушісі бір жарым жыл бойы жазасыз жүр

Таразда жол апатынан қаза тапқан жасөспірімнің анасы бір жарым жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келеді. Полицияда өлімге әкелген апат туралы қылмыстық іс 6 рет ашылып-жабылды. 15 жастағы мектеп оқушысы оны қағып кеткен кезде велосипед айдап келе жатқан. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Оқиға кінәлі адам да табылған, бірақ ол әлі күнге дейін ешқандай жаза алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Татьяна Кандакова, видеодан скриншот

Бүгінде Татьяна ұлының фотосуреттерін, дипломдары мен жақсы оқығаны үшін алғыстарын қарап отырып, оны еске алады.

15 жастағы Андрей отбасының үлкен баласы, жанұяның тірегі және үміті болған.

“Бір жарым жыл бойы жабық есікті қағып тұрғандаймын. Біреудің өліміне біреу жауап беруі керек. Оның жоспарлары қаншама еді”, – дейді Татьяна Кандакова.

Сол қайғылы кеште Андрей Кандаков досымен бірге үйге велосипедпен келе жатқан. Бір сәтте екеуі де жол бойына шығып кеткен. Сол жерде 21 жастағы жүргізуші көлігі өтіп кеткен. Соққыдан соң бала оқиға орнында жан тәсілім еткен.

“Ұлым осы жерде, қанның ортасында жатты, үстіне мата жабылған. Аяқ киімі осы үйдің төбесіне ұшып кеткен. Велосипеді 15-20 метрде жатты”, – дейді ол.

Татьяна куәгерлердің көп болғанын айтады. Алайда бір жарым жыл өткен соң ешкім куәгер болғысы келмей жатыр екен. Полиция мүмкіндігінше жұмыс істеп жатқанын айтады.

“2020 жылғы 29 тамызда орын алған ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірнеше рет барлық қажетті сараптамалар жүргізілді. Жақын арада қылмыстық іс сотқа жолданатын болады”, – дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

STAN.KZ
Жұма, 25 Ақпан, 2022 10:21
Талқылау