AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы баланың өліміне ауа райы себеп болғаны хабарланды

Таразда құлаған терек басып өлтірген жеткіншектің отбасына әкімдік көмек көрсететін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

тараз желБірақ нақты қандай жәрдем берілетіні әзірге белгісіз. Қайғылы жағдай бойынша ешкім жауапқа тартылмауы мүмкін. Өйткені жуан ағашқа екі жыл бұрын санитарлық қырқу жүргізілген.

Ал оның тамырымен қопарылуына жаңбырдан жер қыртысының босаңсуы себеп болған. Ылғалдан әзер тұрған кәрі ағашты дүлей дауыл құлатқан.

Дегенмен аталмыш дерекке қатысты жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Аялдамада автобус күтіп тұрған ана мен баланы жуан терек басып қалған еді. 12 жастағы жеткіншек сол жерде тіл тартпай кеткен, анасы аман қалған. Таразда он күннен аса жауын-шашын болып, жылдамдығы секундына 28 метрге жететін күшті жел соққан.

“Қалада 80-нен астам тал құлады. Оның басым бөлігі қураған. Көбісі тамырымен қопарылып құлаған. Бірақ  саябақтың бойында құлаған тал, өкініштісі, бала өліміне себепші болып отыр”, – дейді Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Зарина Қуаттегі.

Еске салсақ, осыған дейін Таразда жойқын жел болып, анасымен автобус күтіп тұрған 12 жасар жасөспірімнің үстіне үлкен ағаш құлап кеткені туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр