Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда сот Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жасөспірімді кінәлі деп таныды

1 желтоқсанда Жамбыл облысының кәмелет жасына толмағандарға қатысты ауданаралық соты Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 17 жастағы Андрей Опушиевті кінәлі деп тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі “Азаттық радиосына” сүйеніп. 

Фото Олеся Опушиева

Сот марқұм жасөспірім жаппай тәртіпсіздікке қатысқан деген үкім шығарды, бірақ айыпталушы көз жұмғандықтан жаза кеспеді. Опушиев оқ тиіп қаза тапқан еді.  

Сот үкіміне сүйенсек, Андрей “Таразда өзгенің мүлкі қиратылған, бұзылған және қала әкімдігі ғимаратының мүлкі жойылған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан". Опушиев “әскери қызметкерлерді өлтіру үшін олардан әкімдіктен шығуды талап еткен, оларды өзімен бірге өртеп жіберем деп қорқытқан”. Судья айыпталушының кінәсін куәгерлер мен түрлі сараптама дәлелдегенін айтты. 

Жасөспірімнің туыстары үкіммен келіспеді. Опушиевтің анасы Олеся Опушиева сотта ешқандай дәләл көрсетілмегенін, судья тек куәгерлердің сөзіне сүйенгенін айтты. Андрейдің адвокаты Жанар Қисыкова апелляциялық шағым түсіреміз дейді. 

Марқұмның туыстарына сенсек, үйінен “цехта бітпеген жұмысым бар, тез ораламын” деп шығып кеткен Опушиевке оқ ту сыртынан тиіп, кеудесін тесіп шыққан. Жақ сүйегі, тістері, қол-аяғы сынған. "Баламды аяусыз азаптаған" дейді Олеся Опушиева. Андрейдің артында әйелі мен бір баласы қалды. 

Талқылау